Аида Балаева: Президент үлкен істерге, игі тірлік пен береке-бірлікке ерекше мән беріп отыр

Уақыты: 2021-02-10 Көрлімі: 456 Сипаттама

Президент көтерген «Қайырымды істер» марафоны бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 30-жылдық...


Президент көтерген «Қайырымды істер» марафоны бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 30-жылдық мерейлі кезеңінің шымылдығын ашып отырмыз. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті, деп  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Ыстық қайрат. Нұрлы ақыл. Жылы жүрек. Бұл өткен жылдың соңында ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше мән беріп, көпшілікке айтқан Ұлы Абайдың үш ұлық сөзі. Жәй сөздер емес, елді үлкен істерге, игі тірлік пен береке-бірлікке шақырған зор үндеуі. Бүгін, міне, баршамыз осы ортада әдейі бас қосып, осы үндеуді жалпақ жұртымызға, жаны жомарт азаматтар мен жүрегі кең ағайынға – жалпы қазақстандықтарға арнап отырмыз. Президентіміз көтерген осынау игілікті бастама – «Қайырымды істер» марафонымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі кезеңінің шымылдығын ашып отырмыз десек қателеспейміз», - деді министр.





Оның пайымынша, қайырымдылық, меценаттық және донорлық – біздің қоғам үшін ең маңызды бағыттардың бірі.

«Сондықтан да, Президентіміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын кең көлемде атап өтуде халық бірлігін арттырып, елді ұйыстыруға арналған ізгі жобаларға басымдық беруге шақырған», - деді А. Балаева.

Оның айтуынша қоғамның әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуде мемлекет – қоғам – бизнес өкілдері арасындағы әріптестікке артылар сенім зор. 

«Президентіміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын кең көлемде атап өтуде халық бірлігін арттырып, елді ұйыстыруға арналған ізгі жобаларға басымдық беруге шақырған. Бұл – игілігі зор, қайырымы мол ізгі шара. Оған азаматтық сектор мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен барша белсенді азаматтардың қатысуы өте маңызды», - деді министр «Қайырымды істер» марафонының басталуына арналған іс-шарада.

Осы орайда ол қайырымдылық пен донорлық қызметтің одан ары дамыту бағытында нақты ұсыныстар керектігін атап өтті.

«Себебі қоғамның әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуде мемлекет – қоғам – бизнес өкілдері арасындағы әріптестікке артылар сенім зор. Соның ішінде, әсіресе, үкіметтік емес ұйымдарға баса мән берудеміз. Бұл орайда, біз бұл ізгі жобаға ниет білдірген барлық азаматтар үшін – арнайы әлеуметтік және экономикалық шаралар қабылдау арқылы – бұл үрдісті одан ары ынталандыруды қарастырып отырмыз.






Сондықтан бүгінгі шарада, сіздердің тараптарыңыздан ұтымды ой-пікірлер, қайырымдылық пен донорлық қызметті одан ары дамыту бағытында нақты ұсыныстар мен жобалар күтеміз», - деді А. Балаева.

Бүгін елордада донорлар мен меценаттардың қатысуымен «Қайырымды істер» марафоны басталды.

Айта кетейік, «Қайырымды істер» марафоны бастамасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.


Пікір жазу
  • Біржолғы зейнетақы төлемі: Ипотеканы төлеуге арналған 3 қадам
    Омарәлі Әділбекұлы Abai.kz порталында оқырмандармен сұхбаттасады

    Ұқсас тақырыптар