Асқар Мамин: Биыл «Талдықорған – Өскемен» автожолы пайдалануға беріледі

Уақыты: 2020-09-03 Көрлімі: 1076 Сипаттама

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары...

200903163714208e.jpg

 ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына барып, ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мемлекеттік даму бағдарламаларының іске асырылу барысын тексерді, деп primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлаймыз.

Шығыс Қазақстан облысында Асқар Мамин «Өскемен – Талдықорған» автожолының құрылыс барысын тексерді, осы жылдың соңына дейін трассаны (жалпы ұзындығы 768 км) қолданысқа беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар «Қалбатау – Майқапшағай» тасжолы реконструкцияланып жатыр, онда жыл соңына қарай автожолдың барлық 415 шақырымында қозғалыс ашылады.





Алматы облысында Үкімет басшысына ұзындығы 314 шақырым болатын «Өскемен – Талдықорған» автожолының шығыс учаскесін реконструкциялау жұмыстары, ұзындығы 180 шақырым болатын «Үшарал – Достық» автожолын салу жобасы туралы баяндалды.

Премьер-Министр Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының жолдары бойынша құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз ету мен оны биыл пайдалануға берудің маңыздылығын атап өтті.

Инспекцияланған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру көлік саласын дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер береді. «Орталық – Оңтүстік» бағытын транзиттік дәліз ретінде таныту қозғалыс қарқындылығын арттыруға ықпал етеді және келешекте экономика өсімінің жаңа көзі бола алады. Реконструкция қозғалыс қауіпсіздігін арттырады, елді мекендер мен автожолдарға іргелес жатқан аумақтардың экологиялық жағдайын жақсартады, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құра отырып, жол бойындағы сервисті дамытуды ынталандырады.





Үкімет басшысы сапар аясында денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының жұмысымен, сондай-ақ Өскемен, Талдықорған және Аягөз қалаларының инженерлік және тұрғын үй инфрақұрылымының құрылысымен танысты.

Бұған қоса Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылындағы сүт-тауар фермасына, «KEMONT» АҚ электр техникалық жабдықтарын өндіретін ҚР ірі кәсіпорнына, «Восток-Молоко» корпорациясының сүт зауытына, «Ost Fish» бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы мен етін өндіретін компанияға барды.











Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарын реформалау жөнінде кеңес өткізді
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының қазақ тіліндегі толық нұсқасы

    Ұқсас тақырыптар