Қыркүйекте оқушылар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма?

Уақыты: 2020-07-11 Көрлімі: 1524 Сипаттама

Осы жылдың қыркүйегінде балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма? Бұл сұраққа Білім...

1552641364_news_b.jpeg

Осы жылдың қыркүйегінде балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде жауап берді. 

«Біріншіден жалпы дайындық жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Аяқталған оқу жылының төртінші тоқсанында да дайындық жұмыстары тоқтап қалған емес. Бұл туралы бұрын да айтқанбыз. Екіншіден, бұл тұрғыда Білім және ғылым министрлігінің жалпы жоспары бар. Күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз әу бастан үш негізгі нұсқаға дайындалдық. Болжамымыз дұрыс болып шықты», - деді Асхат Аймағамбетов. 

Министрдің айтуынша Министрдің айтуынша осы үш бағыт бойынша дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.

"Бірінші нұсқа – қашықтан оқыту. Бұл нұсқа таңдалған жағдайда алыстағы елдімекендерді есептемегенде қалғанының бәрі қашықтан оқытылады. Екінші нұсқа – іштей және қашықтан оқыту. Бұл жағдайда шектеу болуы керек: мектепте міндетті түрде термометрия, санитайзерлер болуы тиіс. Әлеуметтік қашықтық сақталып, сабақтар қысқартылуы керек. Яғни кабинеттік жүйелер алынуы тиіс. Үшінші нұсқа - штаттық режимде қатаң санитарлық шектеу шаралары сақтала сабақты жалғастыру екенін жеткізді. Яғни балалар іштей оқиды да, қоңырау, сыныптардың толымдылығы, ауысым, кабинеттік жүйелерді алудан бастап асханаға баруға дейінгі шектеу шаралары күшінде болады. Осы үш нұсқа Денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен талқылану үстінде. Оның қыр-сырын зерттеу бойынша жұмыс топтары бар. Іске ғалымдар мен педагогтарды, мектеп директорлары мен сарапшыларды тарттық. Сол себепті қазіргі уақытта барлы өңірде үлкен талқылау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен слайд-материал Білім және ғылым министрлігіне тиесілі емес. Оны мектеп деңгейінде талқылағандардың бірі таратуы мүмкін», - деді ол.

Асхат Аймағамбетов сонымен бірге мұғалімдерге арналған курстар дайындалғанын жеткізді.

«Ең маңызды сұрақтардың бірі – педагогтердің қазіргі жаңа жағдайға дайындығы. Қандай нұсқа қабылданса да педагогтерге жаңа дағды керек. Оны төртінші тоқсанда айқын байқадық. Сондықтан бес модульден тұратын осы курстар – ІТ-дағды, цифрлық педагогика мәселелерін қамтиды. Қандай нұсқа қабылданса да – осы курстарды жүргіземіз. Сондай-ақ комьпютер мен серверлер, интернет мәселесі. Қашықтан оқысақ та, қалыпты оқысақ та – мектептерге компьютер керек. Әкімдіктер осы мәселеге жіті назар аударып отыр. Егер мектепте бір компьютерге 20-25 баладан келсе, онда олардың ІТ-дағдысын дамытамыз деген сөз бекер», - деді ол.

Министр өз сөзінде ерекше қажеттілігі бар балаларға берілетін білім сапасы мәселесі де ұмытылмайтынын жеткізді. Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов мектеп формасын бір жылға  оқушыларға міндеттемеу туралы шешім шығарғанын да атап өтті. 

«Егер біз дәл қазіргі уақытта бұл шешімді қабылдасақ, ата-аналардың экономикалық жағдайын да ескеріп отырмыз. Қазір ата-аналардың біразы экономикалық қиындықты өткеріп жатқанын айтқандықтан, мектеп формасы қалтасына салмақ болып түсетіндіктен, біз дәл осы биылғы оқу жылында осындай шешімді қабылдадық. Уәкілетті орган ретінде биылғы оқу жылында мектеп формасын кию міндеттелмейтінін жария етсек, яғни министр ретінде осы жауапкершілікті өз мойныма алар болсам, онда биылғы оқу жылы – дәстүрлі болса да, қашықтан болса да бұл шешім күшінде болады», - деді министр. 

Министрдің айтуына қарағанда егер биылғы оқу жылының басында немесе ортасында мектеп оқушылары дәстүрлі оқу сипатына оралса, мұғалімдер бәрібір де балалардан мектеп формасын киюді міндеттей алмайтынын жеткізді.

«Бұл шешім бүкіл оқу жылы бойы күшінде болады. Ал егер оқушылардың кейбірінде мектеп формасы болса, онда киюіне мархабат», - деді ол.



Пікір жазу
  • Коронавирус: Науқастарға зиянын тигізетін алты «кеңес»
    Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

    Ұқсас тақырыптар