Адалдық алаңы: Апта соңына дейін дәрі-дәрмекке қатысты дүрбелеңді тоқтатамыз

Уақыты: 2020-07-07 Көрлімі: 520 Сипаттама

Ел өңірлерінде құрылған жұмыс топтары дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізеді, деп Қ...

2EHdi36J.jpg

Ел өңірлерінде құрылған жұмыс топтары дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізеді, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Әрқайсысымызда дәріханадан дәрі-дәрмек таба алмау, қымбаттатып сату, таныс арқылы сатып алу жағдайына тап болған туыс, танысымыз бар. Кейбір азамат дәрі-дәрмектерді алдын ала сатып алып, қымбаттатып сатуда. Бүгіннен бастап осындай фактілерді анықтап, мониторинг жүргіземіз. Жұмыс тобында Денсаулық сақтау басқармалары, Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің департаменттері болады» - деді «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсенің жетекшісі Төлеген Байғұлов тікелей эфир барысында.

Оның айтуынша, жұмыс тобы дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізеді.

«Дәріні қымбатқа қай дәріханадан, қандай бағаға алғаны туралы фото және видео түріндегі ақпаратты WhatsApp арқылы бізге жіберуге болады. Әр өңірде «Адалдық алаңы« бар. Келген ақпарат қай өңірге қатысты болса, сол өңірдегі жемқорлыққа қарсы қызметке жіберіп, тексеру жұмыстарын жүргізіп, себебін анықтаймыз. Осы апта соңына дейін бәрін қалыпқа келтіреміз, сәйкесінше дүрбелең де сонымен тоқтайды. Жұмысты бүгін бастаймыз», - дейді ол.

Еске салайық, ҚР Президенті дәрі-дәрмек бағасын негізсіз қымбаттату фактілерін анықтауды тапсырған болатын.


Пікір жазу
  • Коронавирус кезінде өкпе қалай зақымданады?
    Пневмониямен ауыруханаларда жатқан 330 пациенттің жағдайы ауыр

    Ұқсас тақырыптар