Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды

Уақыты: 2020-06-24 Көрлімі: 428 Сипаттама

23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Влади...

200623214911209e.jpg

23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. 

Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімет таратты.

24 маусым күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:00-де Қызыл алаңда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қояды және Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты қабылдауға қатысады.

Қазіргі ауыр эпидемиологиялық ахуалға байланысты Мәскеу сапарының алдында Президент жоспарлы түрде коронавирусқа тест тапсырды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұған дейін де медициналық хаттамаға сәйкес, үнемі тексеруден өтіп келеді.


Пікір жазу
  • Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
    Коронавирус жұқтырған адамға жедел жәрдем қандай көмек көрсете алады

    Ұқсас тақырыптар