Қазақстанда коронавирус індетімен ауырғандар 15 мыңға жақындады

Уақыты: 2020-06-15 Көрлімі: 813 Сипаттама

Қазақстанда корновирус індетін жұқытрушылардың саны азаймай тұр. Өткен аптада ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли, ҚР Парлмамент Сенатының депутаты Бекболат Тілеухан індет жұқтырғаны хабарласа, кеше ҚР Денсауылық сақтау минисрі Елжан Біртанов өзі...

Снимок.JPG

Қазақстанда корновирус індетін жұқытрушылардың саны азаймай тұр. Өткен аптада ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли, ҚР Парлмамент Сенатының депутаты Бекболат Тілеухан індет жұқтырғаны хабарласа, кеше ҚР Денсауылық сақтау минисрі Елжан Біртанов өзінің вирус жұқтырып алғанын жазды. 

Сондай-ақ өткен тәулікте 313 адам індет жұқтырқтырып, Қазақстандағы короновирус індетімен ауырғандар саны 14809 адамға жетті. Соңғы кезде елімізде коронавирустың белгісі жоқ тасымалдаушылар көбеюде. 2020 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелді. Жалпы симптомсыз тасымалдаушылардың саны 4892 адамға жетті. 

Коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде тест санын арттып жатыр. Егер тест нәтижесі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны расталса не істеу керегін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабаралды.

«Ең бірінші кезекте үйден шықпаған абзал. Тест қорытындысы бойынша коронавирус жұқтырғаныңыз расталса аумақтық ауруханаға, учаскелік дәрігерге қоңырау шалып, тест нәтижесі туралы хабарлау керек. Аурухана дәрігері тест нәтижесіне қарай симптомтардың болу-болмауына байланысты медициналық бақылау немесе ауруханаға жатқызу қажеттігін айқындайды. Ауру белгілері жоқ болса пациент үйінде қалып, дәрігердің қашықтан бақылауында болады. Бұл алгоритм қаладағы медициналық ұйымдардың ресурсын тиімді пайдаланып, сізге уақтылы медициналық көмек беруге мүмкіндік береді»,- делінген хабарламада.

 


Пікір жазу
  • Пойыз билетін қалай қайтаруға болады?
    Коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа хаттамасы қабылданды