Аламаты қаласындағы карантин шаралары күшеюі мүмкін

Уақыты: 2020-06-03 Көрлімі: 770 Сипаттама

Егер санитарлық эпидемиологиялық ахуал тұрақсызданатын болса, Аламаты қаласындағы ка...

1585403858_news_b.jpeg

Егер санитарлық эпидемиологиялық ахуал тұрақсызданатын болса, Аламаты қаласындағы карантин шаралары күшеюі мүмкін. Қалада жаппай мәдени-бұқаралық спорттық шараларды, той-томалақ өткізуге тыйым салынады.  Бұл туралы қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин онлайн брифинг кезінде айтты.

«Карантин шаралары жалғасатын болады. Тек жалғасып қана қоймайды, күшейетін болады. Біз бассейн, жағажай, саябақ аумағында орналасқан аттракциондарды, сауда орындарын ашпаймыз. Сондай-ақ, мектеп жанындағы сауықтыру орындары да жабық болады. Себебі, балаларға вирус жұғу қаупі бар.  Жипажайлар, мәдениет, кинотеатрлар, фудкорт алаңдарын ашуды жақын арада жоспарлап отырған жоқпыз. Керісінше, алдында ашылған нысандар санитарлық талаптарды орындамаған болса, жүйелі түрде бұзып келген болса, олардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдаймыз», - деді ол.

Сондай-ақ, ол күн сәулесінің коронавирусқа нақты ықпалы болмайтынын айтты. 

«Бұл мәселе бойынша толық дәлелді зерттеулер жоқ. Тұмау вирусы сәуір-мамырда бәсеңситінін білеміз. Ауа температурасы көтеріліп, күн жылынғанда тұмау вирусы әлсірейді. Ал коронавирус инфекциясына келсек, климаты ыстық елдер Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістан елдерінде қазір вирус өршіп тұр. Тіпті қазір Алматының өзінде +30 градус ыстықта жұқтыру көрсеткіші төмендер емес. Вирусқа ультракүлгін сәуле ықпал ете алмайды. Сондықтан, жабық бөлмеде ұзақ отыруға болмайды», - деді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, қазір Алматыда коронавирус жұқтырған 2715 адамның 60 пайызы емделіп шыққан. 

«Алматы қаласында вирусты сырттан әкелгендердің үлесі - 3,7%. Профилактикалық тексеру кезінде 783 адамнан вирус табылды, ол - барлық науқастардың 28,8%. Өз еркімен тексеріске келгендер үлесі - 3,3%, байланыста болғандар – 1842 адам, яғни 67,8%. 1647 адам немесе пациенттердің 60% жазылып, үйіне шықты», - деді ол. 

Jebeu.kz




Пікір жазу
  • Биыл ҰБТ қағидаларына қандай жаңалық енгізілді?
    Карантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болған