Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны неліктен артып кетті?

Уақыты: 2020-06-01 Көрлімі: 719 Сипаттама

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирус жұқтырғанд...

12666384.jpg

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирус жұқтырғандар саны неліктен артып кеткенін түсіндірді. 

«Өткен тәулікте қала бойынша 31 жағдай тіркелді. Тәуліктегі өсім көрсеткіші 1,1% құрады. Жалпы күнделікті өсім көрсеткіші 4,8 %-дан асқан жоқ. Күнделікті өсім көрсеткіші маңызды. Қала бойынша 2 647 жағдай тіркелді. Профилақтикалық тексеру кезінде 747 оқиға анықталды, бұл - 28,5%. Медициналық ұйымдарға өздері келгендерден 78 жағдай анықталды, байланыста болғандардар саны – 1 790. Індет жұқтырғандардың 8-9% жұмыс істейтіндер, зейнеткерлер – 1,6%, жұмыс істемейтіндер – 4,6%, балалар – 1,8%. Сенбі күні қала бойынша 117 жағдай тіркелді. Оның себебі көптеген жұмыс орындары ашылып, жұмысшылар тестілеуден өтті. Соның арқасында вирус жұқтырғандарды дер кезінде анықтадық. Яғни, мұның бәрі профилактикалық жұмыстың арқасында анықталып отыр», - деді Жандарбек Бекшин.


Пікір жазу
  • Ана мен баланы қолдауға 4 айда 190 млрд теңге бөлінді
    2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған