М. Әшімбаев: Жаңа заңнамалық нормалар кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашады

Уақыты: 2020-05-28 Көрлімі: 487 Сипаттама

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттік оппозицияға кепілдік б...

d6e6e362c1a1f4bfb5cbfe6329ad1dad_XL.jpg

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттік оппозицияға кепілдік беретін заңнамаға қатысты пікір білдірді.

«Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында бірқатар саяси реформалар ұсынғанын білесіздер. Бүгін біз соның аясында әзірленген маңызды екі заң жобасын қабылдап отырмыз. Соған сәйкес, елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында – қолданыстағы заңнамаға «парламенттік көпшілік» және «парламенттік оппозиция» ұғымдары кіргізіліп отыр. Заңмен Мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды. Мемлекет басшысының ұсынысымен қабылданған жаңа заңнамалық нормалар елімізде парламенттік оппозицияға кепілдік береді, сондай-ақ Қазақстандағы кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеміз», - деді Сенат Төрағасы.



Пікір жазу
  • Қазақстанда коронавируске шалдыққандар 9300-ден асты
    Әлемде коронавирус жұқтырғандар 6 млн адамға жуықтады

    Ұқсас тақырыптар