Абай – 175 жыл: Елімізде бірыңғай парасат сағаты өтеді

Уақыты: 2020-05-18 Көрлімі: 871 Сипаттама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оқушылар арасында «Парасат сағаты» респ...

200518122133815e.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оқушылар арасында «Парасат сағаты» республикалық акциясын өткізеді.

Осы жылдың 18 мамырында дәстүрлі «Парасат сағаты» кездесуі онлайн форматта өткізіледі.

«Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын ескере отырып, «Парасат - ұлы Абайдың мұрасы» тақырыбында онлайн дәріс өтеді. Дәріс өскелең ұрпақты адал және парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналған. Осы акцияға еліміздің 9-11 сынып оқушылары және жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қатысады», - делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.

«Парасат - ұлы Абайдың мұрасы» онлайн дәрісі «Elarna» және «Balapan» арналарында, Youtube каналда, сондай-ақ, агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желісінде таратылады.


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысының туған күніне орай келіп түскен құттықтаулар
    ДДҰ басшысы әлемдік қауымдастыққа үндеу жасады