Қазақстан Қытай елшісіне наразылық білдірді

Уақыты: 2020-04-14 Көрлімі: 415 Сипаттама

Қазақстанның Сыртқы істер министірлігінде Қытай Елшісімен кездесу өтті. Бұл туралы СІ...

2020_04_14_788c2715-aa6e-476e-b9bb-03b5898ec495.jpg

Қазақстанның Сыртқы істер министірлігінде Қытай Елшісімен кездесу өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірді.

Қытай Елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті.

Сондай-ақ, ҚР-дың Пекиндегі Елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.



Пікір жазу
  • Қай кәсіпорындар жұмысын жалғастырады?
    Алматы дәрігерлерінің коронавирус жұқтыру дерегі тексеріледі

    Ұқсас тақырыптар