​«Жебеу» Отандастарымызды қайырымдылық шараға ат салысуға шақырды

Уақыты: 2020-03-20 Көрлімі: 3289 Сипаттама

20 Наурыз күні «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігі коронавирустың алдын алу мақс...


index.jpg


20 Наурыз күні «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы мен Мемлекет басшысының үндеуіне үн қосып, Алматыдағы денсаулық сақтау ұйымдарына көмек көрсетті. «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбекұлы, бірлестіктің кеңес мүшесі, белгілі кәсіпкер Сабыржан Мұхаметханұлы, атқарушы директоры Құрмет Қабылғазыұлы құны миллион теңгелік маска және антисептикалық дәрі-дәрмекті Алматы қалалық № 12 емхана мен қалалық денсаулық сақтау басқармасына табыс етті.

"Жебеу" қайырымдылық мақсаттағы аталған бұйымдарды ҚР ІІМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Бас штабына алып барған болатын, ондағылар қалалық №12 емханаға жеткізуге нұсқады. Бас дәрігер Алмаз Болатұлының тапсырмасы бойынша заттарды осы емхана қызметкерлері мен осындағы қалалық денсаулық басқармасының өкілдері қабылдап алды. Денсаулық басқармасының өкілдері жебеуліктерге ризашылық білдіріп, мынау қиын-қыстау шақта денсаулық сақтау қызметкерлері мен мұқтаж жандардың игілігі үшін жасалып жатқан риясыз көмекке алғыс айтты.


index2.jpg

Бірлестік төрағасы Омарәлі Әділбекұлы ел басына күн туған сәттерде қарап қалмау, ел мүддесіне жұмыла қызмет жасаудың еліміздегі әрбір азамат пен әрқандай ұйымының, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың да бас тартпас борышы есептелетінін, өзі басшылық жасап отырған бірлестіктің қатарлас қоғамдық ұйымдарды осындай шараларға аталсалысуға шақыратынын жеткізді.  

 «Ұлтымыздың тағдыры, ұрпағымыздың болашағы өз қолымызда. Уақыт бізден ешқандай керанаулықты, салғырттықты күтпейді. Жауапкершілік пен тәртіпті талап етеді. Барлық азаматтар, кәсіпкерлер, мекемелер, қоғамдық ұйымдар Президенттің және Елбасымыздың үндеуіне үн қосайық. Бәрін де өзімізден бастайық. Денсаулық сақтау ұйымдарының, құқық қорғау органдарының  талабы мен өтінішін орындап, отбасымызға, айналамызға үлгі болайық. Сонымен бірге шамамыздың келісінше осы қиындықтан шығу үшін заттық, рухани көмегімізді көрсетіп, қолдау білдірейік. Әлемдік тәжірибеден байқап отырмыз, бұл ауруды еңсерген елдердің басты қаруы: қатаң тәртіп, береке-бірлік, ғылымға деген сенім, жақсы әдеп-ғұрып. Мысалы, Израильде бірде-бір дәрігерге дерт жұқпаған, әрі дерт жұқтырған кісілер дін аман. Жапония, Корея сынды дамыған елдер ғылым мен тәртіпке жүгіне отырып, ауру ошағын қатаң тізгіндеді.  Қазақияның кешесі, бүгіні, ертеңі бәрімізге ортақ, Ел болып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып коронавирус деген тажалдың тамырына балта шабайық», - деп үндеу тастады жебеуліктер.   

index3.jpg


Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Өңірлерде коронавирус жөнінде қайда хабарласуға болады
    Мемлекет басшысының Наурыз мейрамымен құттықтауы