Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалды

Уақыты: 2020-02-22 Көрлімі: 536 Сипаттама

ҚР Президенті әкімшілігінің бұрынғы бірінші орынбасары Дархан ҚАЛЕТАЕВ Қазақстанның...

ҚР Президенті әкімшілігінің бұрынғы бірінші орынбасары Дархан ҚАЛЕТАЕВ Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының жарлығымен  Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елші қызметіне тағайындалды», – делінген президент жарлығында.

Ал бұған дейін Украина және Молдовада Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болған Самат ОРДАБАЕВ бұл қызметтен босатылды.

Қалетаев 2019 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін, 2019 жылдың ақпанынан наурызына дейін премьер-министрдің кеңсесін басқарды, 2018 жылдың шілдесі мен 2019 жылдың ақпаны аралығында қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.

Дархан Калетаев 1972 жылы 10 қазанда туған, білімі жоғары. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы-оқытушы, мемлекеттік басқарудың менеджері. Саясаттану ғылымдарының докторы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және мерекелік медальдармен марапатталған. Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Қазақстан президенті әкімшілігінің, білім және мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген.


Пікір жазу
  • «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» іс-шаралары онлайн режімде өтеді - АҚДМ
    Коронавирустан 2 жарым мыңға жуық адам қайтыс болды