Қазақстан Президенті жалпықалалық сенбілікке қатысты

Уақыты: 2019-10-14 Көрлімі: 588 Сипаттама

12 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірге Жасыл Қазақстан» шарасының аясы...

fbf164a6f241ce4a7bdef32f103ff662.jpg

12 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірге Жасыл Қазақстан» шарасының аясында Ботаникалық бақта ағаш отырғызып, сенбілікке қатысушылармен сұхбаттасты.

Шараға Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, спортшылар мен оқушылар қатысты.

Көгалдандыруға арналған сенбілік барысында Ботаникалық бақта 300 көшет отырғызылды. Жалпы бүгін Елорда көшелері мен саябақтарында 5 мың ағаш егіліп, қала ажарын арттыра түспек. Сонымен қатар биыл күзде «Экологиялық сағат» шарасының шеңберінде еліміз бойынша қосымша 1 миллионға жуық көшет егіледі.

12b4e2e04ad2ab4345a6bd217c07e532.jpg

Дереккөз: Aqorda.kz


Пікір жазу
  • Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романы АҚШ-та басылып шықты
    Министр ЖОО ректорларына оқытушылардың жалақысын көтеруді тапсырды