Есеп комитетінің төрайымы Президентке бюджет жобасын бағалау жөнінде баяндады

Уақыты: 2019-09-10 Көрлімі: 47 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөні...

4527D31E-E042-4F28-BDEC-30BBFE6AE351.jpeg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап xабарлаймыз.

Есеп комитетінің төрайымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың алдын-ала қорытындылары жөнінде баяндады. 

Наталья Годунова Президентке үш жылға бөлінген 583 миллиард теңге қаржыны тиімді пайдалану туралы Есеп комитетінің Үкіметке жасаған ұсынысы жөнінде айтты. Аталған қаражаттың 283 миллиард теңгесі 2020 жылы игеріледі. 

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Шетелде «Абай» орталықтарын ашу жоспарлануда
    Тоқаев Қытайдағы кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда

    Ұқсас тақырыптар