Асхат Аймағамбетов: Әліппенің Байтұрсынов әзірлеген үлгісін қайтарамыз

Уақыты: 2019-08-16 Көрлімі: 1677 Сипаттама

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы «Әліппе» Ахмет Байтұрсыновтың әд...

62237579_10213883229891153_6538099268681465856_n.jpg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылы «Әліппе» Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде қайта енгізілетінін мәлім етті.

 «Әліппе мәселесін көптен бері ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көтеріп жүр. Бұл – өте маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады. Біз қазіргі уақытта осы жұмысты жүргізіп жатырмыз. Әліппе – тәжірибе жасайтын алаң емес. Бізде баяғыдан – нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол - Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі. Сондықтан, ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеменің негізінде жұмыс жүргізетін боламыз», - деді ол Тамыз конференциясында. 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысы 2 есеге өседі
    Жалпы ішкі өнім 104,1%-ды құрады