Алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысы 2 есеге өседі

Уақыты: 2019-08-16 Көрлімі: 764 Сипаттама

Алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысы 2 есеге өседі. ҚР Президенті Қасым-Жома...

08cd46a1aacb2a96bfce3fb650c0defb.jpg

Алдағы 4 жылдың ішінде мұғалімдердің еңбекақысы 2 есеге өседі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Тамыз конференциясында Үкіметке осындай тапсырма берді.

 «Педагог жүктемесін қысқартатын, кәсібіне сай емес қызметтерге тартуға тыйым салатын шектеу қою, шектен тыс есептілік пен негізсіз тексерулерді шектеу дербес қаралады. Мұғалімдердің еңбекақысы базалық лауазымдық жалақы арқылы есептеледі. Сол себепті елдегі 500 мың педагог айлығының елеулі мөлшерде өскенін сезіне алмай отыр. Мұны тура айту керек», - деген Мемлекет басшысы ұстаздардың қазіргі еңбекақысына көңілі толмайтынын жеткізді. 

«Мұғалімдердің еңбекақысы ең төменгі айлықтардың бірі болып тұр. Экономикадағы орташа еңбекақының 65 пайызын ғана құрайды. Әрине, мұнымен келіспейміз. Сондықтан Үкіметке білім жүйесіне білікті мамандар тарту мақсатында және педагогтардың мәртебесін көтеру үшін мұғалімдердің еңбекақысын 4 жылдың ішінде 2 есеге арттыруды тапсырамын», - деді Президент.

Президент ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктері есепке алынбай жататынын айтты. 

 «Білім сапасын көтеру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл алдымен мұғалімдердің біліктіліктеріне, оқулықтардың сапасына, заман талабына сай инфрақұрылым және материалдық қорға байланысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша тиімді жұмыс істеу қажет. Яғни, туындаған мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну керек», - деді Мемлекет басшысы. 

Қазақстан Президенті білім беру жүйесінің сапасына теріс ықпал ететін тағы бір кедергі ұсынылатын реформаларда педагогтардың нақты қажеттіліктерінің есепке алынбайтыны екендігіне назар аудартты. 

«Бүгінде мұғалімдерді кәсіби тұрғыдан дамыту Білім және ғылым миинистрлігінің салалық құрылымдары өткізетін курстармен және семинарлармен шектеледі. Мұндай шаралардың қажет екендігі түсінікті. Дегенмен, аталған курстарда мұғалімдер қауымын толғандыратын өзекті мәселелер назарға алынбай қалады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды ынталандырудың жолдарын атады.

 «Педагогтардың мәртебесін шынайы көтеруді қамтамсыз ету маңызды. Қазір айтып жатқанымыздың барлығы мұғалімдерге байланысты. Бәсекеге қабілеттілікті көтеру үшін педагогтардың жоғары мәртебесіне сөз жүзінде қол жеткізуіміз керек. Педагог мәртебесі туралы заң жобасында қолдаудың кешенді шаралары қарастырылған. Бұл ұстаз жүктемесін қысқарту, ар-абыройының сақталуына кепіл беру, материалдық ынталандыру... Соның ішінде сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе ақы төлеу, барлық педагогтардың еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейту, магистрлік деңгей үшін қосымша төлем және өзге де ынталандыру шаралары бар», - деді Мемлекет басшысы.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Халықаралық Әскери ойындарда Қазақстан қоржыны үш алтын медальмен толықты
    Асхат Аймағамбетов: Әліппенің Байтұрсынов әзірлеген үлгісін қайтарамыз