Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Уақыты: 2019-08-11 Көрлімі: 579 Сипаттама

Құрметті отандастар! Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Қ...

CBC8F196-B709-46EB-92F6-B53D89439E4F.jpeg

Құрметті отандастар! 

 

Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!       

Қасиетті Құрбан айт –  мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам.   

Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі.     

Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды.            

Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық,
құт-береке тілеймін.

Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

 

Қасым-Жомарт Тоқаев


Пікір жазу
  • Тоқаев қыркүйекте ресми сапармен Қытайға барады
    А. МАМИН: 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР–ШІЛДЕДЕ ЖІӨ ӨСІМІ 4,2% ҚҰРАДЫ

    Ұқсас тақырыптар