А. Мамин: Ауыл шаруашылығының дамуына серпін беретін жобаларды іске асыру керек

Уақыты: 2019-07-30 Көрлімі: 716 Сипаттама

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығына инвестицияны а...

32a69047ef6012353dd48a24f863303a_XL.jpg

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығына инвестицияны арттыруды тапсырды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Өткен жылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірленгеніне тоқталған Үкімет басшысы, «бағдарламада саланы дамытудың салалық және жүйелік шаралары жоспарланған. Осы әлеуметтік-экономикалық маңызы үлкен саланы дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру мен өңделген өнім экспортын дамыту бойынша міндет қойды. Бұл ретте Үкімет ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына тың серпін беретін жобалар мен нақты шараларды қолға алуы керек», - деді. 

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің жартысынан астамын мал шаруашылығы құрап отыр. Мал шаруашылығы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің жетекші саласы болып саналады. 

«Саланы қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижесі бойынша мал шаруашылығында жалпы өнім көрсетіштері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,5 пайызға өсті», - деді Премьер-Министр. 

Сонымен қатар А. Мамин ерекше көңіл бөлуді қажет ететін мәселелер бар екенін атап өтті. 

«Биыл 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенге стратегиялық инвесторларды тарту туралы міндет қойды. Қазіргі таңда мал шаруашылығы өнімдерін өндеу көлемі төмен деңгейде қалып отыр, бұл көрсеткіш 35 пайыздан аспайды. Ал Ресейде - 40 пайыз, Беларусьте-50 пайыз, дамыған Еуропалық одақ елдерінде 80 пайыздан астам. Отандық өңдеуші кәсіпорындардың толық жұмыс қуатына шықпауына, жабдықтардың тозуына, шикізаттың жетіспеуіне байланысты бұл кәсіпорындар қосымша өсімді қаматамасыз ете алмай отыр», - деді Үкімет басшысы. 

Оның айтуынша, ет өңдеу деңгейі бойынша биылғы жарты жылда Ақмола облысында, Шымкент қаласында өсім бар. Алайда Алматы облысында өсім қарқыны төмен. 

«Қазіргі кезде жалпы құны 200 млн доллардан астам 7 инвестициялық жоба бар. Олар бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуге инвестиция салуға дайын стратегиялық инвесторлардың жұмысы пысықталып жатыр. Біздің ортақ міндетіміз – ол салаға келетін инвестицияларды жыл сайын кемінде 30 пайызға арттыру», - деді Асқар Мамин.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Н. Назарбаев: «Nur Otan» – еліміздегі басты саяси күш
    МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІҢ КӨМЕКШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ