Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады

Уақыты: 2019-07-26 Көрлімі: 56 Сипаттама

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Nur Otan» партиясының қазіргі жағдайы, мемлекеттік органдармен өза...

dd3ee74541ee568609445cb123c16d30.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Nur Otan» партиясының қазіргі жағдайы, мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық тетіктерін жандандыру және Президент Әкімшілігімен бірлескен жұмыстарды қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді.

Бауыржан Байбек өңірлерге жасаған сапарларының қорытындылары, бастауыш партия ұйымдарымен жұмыс және партия қатарын тазарту үдерісі туралы баяндады. Сонымен қатар, ол демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жұмысының тоқтағаны және партияның Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына институционалды қатысу жоспары жөнінде хабарлады.

Қазақстан Президенті партия мен халық арасындағы байланысты күшейтудің маңыздылығын айтты. Мемлекет басшысы партия мүшелерін ел өміріне белсенді атсалысуға және халыққа жақын болуға шақырды.

«Партия азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы, халықтың мүддесін тиімді қорғауы тиіс. Партияның қоғамдық қабылдаулары Президенттің виртуалды қабылдауымен тығыз байланыста болып, тұрғындардың мәселелерін шешудің шынайы тетігіне айналуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Дереккөз: Aqorda.kz

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
    Н. Назарбаев: «Nur Otan» – еліміздегі басты саяси күш

    Ұқсас тақырыптар