ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ БІР ЖЫЛДА 236 МЫҢ АДАМҒА ӨСТІ

Уақыты: 2019-07-16 Көрлімі: 733 Сипаттама

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда х...

1528956608_article_b_1500_-e1547660381989.jpeg

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда халық саны 2019 жылғы 1 маусымда 18 млн 489,7 мың адамды құрады. Былтырғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 236,4 мың адамға немесе 1,3% өскен. 

Осы кезде қала тұрғындарының жалпы саны 10 млн 767,6 мың адамға жеткен. Қалалықтар Қазақстан халқының 58,2%-ын құрайды. Ауылдарда жалпы 7 млн 722,1 мың адам, яғни республика халқының 41,8%-ы тұрады.

Биылғы қаңтар-мамыр айларында республикада 1 жасқа дейінгі 1 459 сәби шетінеген (былтырғы көрсеткіш 1 366). Ал нәресте кезінде шетінеу коэффициенті әр 1000 нәрестеге 9,04-тен тура келген.

Нәрестелердің шетінеуінің басты себебі жүктілік кезіндегі ауру-сырқау болып отыр. Соның салдарынан биылғы бес айда 772 нәресте көз жұмған.

Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанға келушілердің саны 10,8%-ға қысқарып, кеткендер саны 19,8% өскен.

Ел ішіндегі көшіп-қонушылар саны 19% өскен. Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы Маңғыстау облысында (515 адам) және Шымкент (4 144), Нұр-Сұлтан (10 936) және Алматы (11 540) қалаларында байқалып отыр.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Тоқаев: Баспана мәселесі еліміздегі ең өткір әрі өзекті проблема екенін түсінулеріңіз қажет
    Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады