Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Уақыты: 2019-06-05 Көрлімі: 592 Сипаттама

Құрметті отандастар! Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттық...

FEB5D527-1DE5-4DC3-A441-C8597866A0CF.jpeg

Құрметті отандастар! 

Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке. 

Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді.

Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді.   

Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер.  

Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді.  

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!  

Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін!

Ораза айт құтты болсын!

Дереккөз: Ақ Орданың баспасөз қызметі


Пікір жазу
  • Назарбаев Университетінің бітіру рәсіміне қатысты Пресс-офисінің түсініктемесі
    Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды