Назарбаев Университетінің бітіру рәсіміне қатысты Пресс-офисінің түсініктемесі

Уақыты: 2019-06-03 Көрлімі: 1384 Сипаттама

Назарбаев Университетінің Пресс-офисі әлеуметтік желілерде пайда болған “Оян”деген ж...

Vypusknik-2-1000x667.jpg

Назарбаев Университетінің Пресс-офисі әлеуметтік желілерде пайда болған “Оян”деген жазуы бар бас киімде дипломды тапсыру салтанатында пайда болған түлектің дипломының күшін жояды деген болжамды жоққа шығарады.

Назарбаев Университеті өз қызметінде меритократия қағидаларын қатаң ұстанатынын атап өткіміз келеді, бұл ең үздік ойшылдарды және дарындыларды тарту және дарынды жастарға арналған әлеуметтік лифт рөлін орындау дегенді білдіреді. Біз студенттерге жоғары этикалық стандарттарды, академиялық тұтастық принциптерін, жеке жауапкершілік пен сыни ойлауды дарыту маңызды деп санаймыз.

64a213b0-3198-42c5-9d1a-319ed0903b20.jpg

НУ түлектері үшін бас құндылықтар мынадай:

  • Өзінің мамандануы бойынша терең және жан-жақты білімге ие болу;

  • Интеллектуалды дамыған, танымпаз, креативті болу және кең дүниетанымға ие болу;

  • Шешімдерді ақылмен қабылдауға қабілетті болу және басқаларды біріктіре және тарта білу;

  • Бастамашыл, іскер және жаңа мүмкіндіктерді тудыруға қабілетті болу;

  • Көптілді және көпмәдениетті әлемде еркін бағыттала алу;

  • Мәдени алуантүрлілікті қабылдай білетін әлемнің білімді азаматы болу;

  • Өзінің тұлға ретінде дербестігін және орнықтылығын таныту;

  • Өз елінің дамуында жетекші рөлді иеленуге дайын болу.

Біздің барлық түлектерімізді сәтті аяқтап, оларға табыс және жаңа жетістіктер тілейміз! Бүгін Назарбаев Университетінің барлық қауымдастығы үшін, барлығымыз үшін ерекше күн болды!

Дереккөз: nu.edu.kz

Пікір жазу
  • Бүгін Қазақстан халқы ашаршылық және қуған сүргін құрбандарына тағзым етті
    Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы