Ғалымжан Мелдешов ҚР МСМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Уақыты: 2019-05-08 Көрлімі: 1022 Сипаттама

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәден...

20190508111811.jpg

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 

Ғ. Мелдешов 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Түрлі жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген: «Түркістан» халықаралық газетінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Маңғыстау Медиа» ЖШС-де басшылық қызметтерді атқарған.

2012-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, осы министрлікке қарасты «Ғылым қоры» АҚ Әкімшілік департаментінің директоры, 2013-2014 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау-Медиа» холдингінің бас директоры, 2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, 2016-2018 жылдар аралығында  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» мерекелік медальдары, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.  

Ғалымжан Мелдешов - психология ғылымдарының кандидаты, PhD докторы.

 

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • ОСК президенттікке кандидаттар арасында ашық телепікірталас өткізуді қарастырып жатыр
    Қасым-Жомарт Тоқаев: Халқымыз Ұлы жеңіске өлшеусіз үлес қосты

    Ұқсас тақырыптар