Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді

Уақыты: 2019-05-03 Көрлімі: 1156 Сипаттама

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жылдың 9 маусымына тағайынд...

tokaev2.jpg

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді. 

ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина 23 сәуірде Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынуына байланысты ОСК-ға оның келесідей тиісті құжаттарын ұсынғанын айтты. 

«Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің жоғары органының Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну жөніндегі мәжілістің Nur Otan партиясының Әділет министрлігінде тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі қоса берілген хаттамасынан үзінді; президенттікке кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы Тоқаевтың өтініші, өмірбаяндық деректері; сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат және кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау негізінде ОСК 2019 жылдың 25 сәуірдегі №16/244 қаулысымен президенттікке кандидат Тоқаевтың Конституцияға және «Сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігі белгіленіп, қол жинау парақтары берілді», - деп мәлімдеді ОСК хатшысы.

Сәбина Мұстафинаның айтуынша Қасым-Жомарт Тоқаев тіркеуден өту үішін 313653 қол жинаған. 

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес кандидат Тоқаевты қолдап барлық 17 өңірден 315 910 азаматтық қол жиналды, оның ішінде рас деп танылғаны – 313 653. 2019 жылы 15 сәуірдегі №13/237 ОСК қаулысымен анықталған ҚР президенттігіне кандидатты қолдап жиналған рас қолдардың қажетті саны 118 140-тан кем болмауы тиіс», - деді Сәбила Мұстафина. 

Ол Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенттікке кандидат ретінде тіркеу үшін барлық тиісті құжат ОСК-ға ұсынылғанын және қойылған талаптарға толығымен сәйкес екенін атап өтті. ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңының 59-бабы, 5-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылғаны туралы ҚР ОСК хаттамасы негізінде ОСК қаулысымен Тоқаевты 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлануына кандидат ретінде тіркеп, кандидатқа тиісті куәлік берілді. Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелу туралы мәліметтер беріледі. БАҚ-қа кандидат Тоқаевты тіркеу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау белгіленді.

Айта кетейік, бүгін президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы құрылып, оны Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев басқаратын болды.  

«Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылданды. Тоқаевтың сенімді өкілімін, сондықтан осы отырысқа оның тапсырмасымен қатысып отырмын. Маған арнайы куәлікті табыстады. Оны өздеріңіз көрдіңіздер. ҚР президенті осы күндері іссапарда жүргендіктен өзі келе алмады. Бүгінгі отырысқа қатысуды маған тапсырған соң отырысқа қатыстым. Тиісті құжаттардың барлығы жиналып, ОСК-ға тапсырылды. Заңда көрсетілген шаралар атқарылып, 315 мың қол жиналғаны айтылды. Бұл керекті көлемнен әлдеқайда көп екенін білесіздер. Барлық шаралар жүзеге асырылып, Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгін ҚР президенттігіне кандидат ретінде ресми тіркелді. Бүгінгі шешімнен кейін Тоқаевтың қоғамдық республикалық штабы құрылады. Кандидатымыз осы штабты басқаруды маған тапсырды. Қажет жұмыстарды бастаймыз», - деп айтты Мәулен Әшімбаев. 

Кандидаттың сенімді өкілі 4 мамыр күні сағат 11:00-де Nur Otan партиясының орталық аппаратында өтетін БАҚ өкілдеріне арналған арнайы брифинг барысында штабқа кім кіретінін және қай бағытта жұмыс істейтіні айтылатынын жеткізді. 

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Қ. Тоқаев: «Әралуандықтан бірлікке» – біздің саясатымыздың мәні
    Әміржан Қосанов президентке кандидат ретінде тіркеуден өтті