Бейбіт Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрі болды

Уақыты: 2018-12-27 Көрлімі: 2024 Сипаттама

Президент жарлығымен Бейбіт Бәкірұлы бүгін Сыртқы істер министрі лауазымына тағайынд...

Президент жарлығымен Бейбіт Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды. Ақорданың ақпаратынша Қайрат Әбдірахманов басқа қызметке ауысты. 

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Санкт-Петербор мемлекеттік экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 

Еңбек жолын Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс қорытатын зауытында балқытушы болып бастады, 1985-1991 жылдары Шымкент қорғасын зауытында металл балқытушы, ауысым шебері, инженер-технолог, жетекші инженер болып жұмыс істеді. 1991-2006 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.  2006-2012 жылдары дипломатиялық қызметте болды. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы,  Филиппин Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы болып тағайындалған.  2012 жылғы қазаннан Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы, 2014 жылғы тамыздан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы болған. 2015 жылғы 8 тамыздан 2016 жылы 7 қазанына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2016 жылдың 7 қазанынан осы тағайындауға дейін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарған.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • ДҚҚ М. Әбілқасымоваға қандастардың шағымын жеткізді
    Елбасы жыл қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті