Қанат Ислам Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қабылдауында болды

Уақыты: 2018-12-13 Көрлімі: 2032 Сипаттама

Белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қабылдауынд...

20181213123853.jpg

Белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қабылдауында болды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Кездесу барысында олар спорттың, атап айтқанда кәсіби бокс саласының дамуы туралы талқылады.

 «Бауыржан Байбек спорт дамуын барынша қолдау көрсетіп, отандық спортшыларға жанкүйер болып келеді. Қалалық Спорт және дене шынықтыру басқармасы Алматы әкімдігінің қолдауымен, тапсырмасымен қаладағы салауатты өмір салтын сақтау мен насихаттау жолында барлық жағдай жасап отыр. Алматылықтардың спортпен айналысуына барлық ыңғайлы инфрақұрылым жасалған. Мен Бауыржан Қыдырғалиұлына өзімнің алға қойған мақсаттарым мен QazaqPromoutions  промоутерлік компаниясы туралы айтып бермекпін. Ол кісі кәсіби бокс саласындағы барлық жаңалықтарды бақылап отырады. Алла қаласа Алматы мен басқа да қалаларда келесі жылы бірнеше кәсіби бокс кешін ұйымдастырамыз. Біздің промоутерлік компания қазақстан кәсіби боксын жоғары дәрежеге көтеретін масштабты жоба ойластырып жатыр. Мен өз атымнан және Qazaq Promoutions атынан Бауыржан Қыдырғалиұлына үлкен алғыс білдіремін», - деді Қанат Ислам.

 Айта кету керек, Qazaq Promoutions 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай Астанада ауқымды кәсіби бокс кешін өткізеді. 

Шара аясында рингке Руслан Мырсатаев, Асхат Уәлиханов, Абылайхан Құсайынов, Айдар Шәрібаев пен Елшат Нығматуллаұлы сияқты атақты былғары қолғап шеберлері шығады.

 Бокс кешінің басты жекпе-жегі Елшат Нығматуллаұлы  мен әзербайжандық  Фарид Алиев арасындағы жекпе жек болмақ. Қазақстандық боксшы  WBC Asia титулын қорғайтын болады.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • СІМ: Қытай 2000-нан астам қазаққа өз территориясынан шығуға рұқсат берді
    Қазақстан халқы 18,35 млн адамнан асты