Елбасы Қазақстандағы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды

Уақыты: 2018-11-15 Көрлімі: 1202 Сипаттама

14 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізгі міндеті роботталған хирургияны құру, да...

f77ba0b75842718575a43f18fd9a9de5.jpg

14 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  негізгі міндеті роботталған хирургияны құру, дамыту және оны практикалық медицина саласына енгізу болып саналатын орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлаймыз Ақ Орданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1b0e0d6484e5a32aa027faeda8e0b36c.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев медицинада инновациялық шешімдерді қолданудың маңыздылығына тоқталып, роботталған хирургия орталығында жасалатын оталардың бүкіл өңір үшін бірегейлігін атап өтті.

– Мұндай үлкен бастама халқымыздың игілігіне бағытталған. Медицина саласын роботтандыру мамандарымыздың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. Осындай орталықтың ашылуы – отандық денсаулық сақтау саласындағы маңызды оқиға. Бұл көптеген адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті.

e5439560665c42fec439d67a5efdf0ca-sm.jpg

Елбасы орталықта ем қабылдаушылармен әңгімелесіп, Президенттің Іс басқармасы Медицина орталығының жалпы жұмысы және оны дамыту перспективалары жөнінде мәлімет алды.

856d039cdc7e0b3976e0367494107c9e.jpg

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен құрылған роботталған хирургия орталығы медицина мамандарын даярлап, олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ клиникалық сынақтар өткізіп, әлемдік деңгейдегі заманауи роботталған технологияларды қолдана отырып, ғылыми әзірлемелер дайындайды.

f23f87fdfdf07346fa8736e92da9be68.JPG

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қазақ президенті Астанада Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық одақ кездесуін өткізуді ұсынды
    Ұлыбритания елшісі: Креативті экономика бойынша Қазақстанмен тәжірибе бөлісуге дайынбыз