Халықаралық кино фестивалда топ жарған Қытайдағы қазақ баласы

Уақыты: 2018-11-12 Көрлімі: 1986 Сипаттама

Өркенбек Бейсенбайұлы – жас режиссер, сценарист, әртіс. 1993 жылы ҚХР, ШҰАР, Санжы болысын...

304950bf-a3c6-49e7-86ae-c7a3e0f00292.jpg

Өркенбек Бейсенбайұлы –  жас режиссер, сценарист, әртіс. 1993 жылы ҚХР, ШҰАР, Санжы болысында өмірге келген. Оның түсірген «Құтқару» атты киносы 2018 жылы Канн халықаралық кино фестивалына талданған микро фильмнің  бірі болып марапатталған. Өркенбек Бейсенбайұлымен Қытайдағы қазақ радиосының тілшісі Жанар Мәдәнқызына сұхбат беріп, кино саласына калай келгені мен жетістікке жету барысындағы өнер жолын әңгімелеп беріпті. Жас режиссердің әңгімесін Қытайдағы Қазақ радиосының әлеуметтік желідегі таратқан нұсқасы бойынша назарларыңызға ұсынамыз.

Өркенбек Бейсенбайұлы: Туған ағам Толқынбек, 2000 жылы «Қара жорғаны» айтып жұртқа танылған болатын. Сонымен өз көкейінде жүрген әртіс болу арманын орындап өз өнерін дамыту үшін ішкерге жол алған еді. Алайда жазымштан озымыш жоқ деген, ағам қатынас шырғалаңынан қаза болды, ол кісі өмірден озғалы талай жыл болды, алайда маған қалдырған әсері, жүрегімнің түбінде әлі күнге дейін сақтаулы.

Кішкентай кезімде біздің үйде бір телевизор бар еді, ол телевизор ағамның иелігінде, қайсы каналды қою, қай кезде ашу-өшіруді ағам білетін,  сосын да ағам  не көрсе, мен де соны көретынмін. Ол ел іші-сыртындағы әр түрлі кино-фильмдерге қызығатын, мен сол кезде ес білмеген ойын баласы едім, кейін келе бала күндегі әуестіктің жетегінде ержеткенде мен де киноға қызығып қалдым, кино фильмді бар ынта-пейіліммен көретін болдым. Ағам жанымда жоқ кездері өзім жалғыз талай киноларды көрдім, киноны көп көрген сайын, оған деген қызығушылығым арта түсті, әсіресе сайыскерлік, қорқыншты киноларға  аңсарым ауа бастады, сол киноларды қайталай көріп, көру барсында ойланып-толғандым, тіпті жәй әңгімеде бір киноның оқиға желісі тілге тиек болғанда оның қайсы кино екенін бірден тауып бере алатындай деңгейге жеткен едім.

6196c5b2-f570-4f62-ae8f-59e4e1477e9c.jpg

Өнерді сүю, өнерге қызығу дегеннің өзі бір ғанибет қой, осы киноға деген әуестігіммен орталық театр институтына емтихан тапсырып арманымды жалғастыру бекіміне келген едім, қазіргі ауқымда көптеген ата-аналар  баласының өзі тұрған мекеннен тұрақты қызмет тауып, қасында болуын қалайтындары әрине басымырақ, оның үстіне ағам ерте қайтыс болды, қойшы айтеу менің ойымды үйдегілер бірден құптап кетпеді.

Сол кездері ұдайы ой сарсаңында болдым, әр күнім әрі-сарі ойдың жетегінде өтіп жатты, үйдегілердің  мен үшін барлық жапа-машақатты өз мойнына алғандарын көріп, және о дүниедегі ағамды ойлап, кино арманыма табан тіреп тұра алмадым, амалсыздан бұл ойымнан уақытша болса да қайтуға мәжбүр болдым. Деседе арман гүлін еккен соң одан қалай қол үзуге болсын, бәлкім бір мезет ат  үсті қарап, жөнді баптамауымыз мүмкін, бәлкім оның да солып қалатын кездері болар, әйтседе қайта айналып суарғанымызда оның гүлдеп қауашақ жармауына кім кепіл?

Осындайда ыңғайы келері бар ма?! Сол кездегі қиналған жайымды көрген  анашым, ақыл айтып: «Бек-ау (үйде осылай атаушы еді),  сынап көрсеңшы, кейін әттең-ай сынап көрсем болғандай екен деп опық жеп қалмағайсың, өте алмай қалсаң және көре жатармыз, егер ағаң тірі болса сенің бұл ойыңды құптаушы еді. Әрине, менде саған сенемын, балам», - деді. Мүмкін ана мейірі деген осы болар, баласының арманын орта жолда үзіп тастауды қаламайды, баласының көңілінде өкініш сақталып қалмауын тілейді.

Ол күндер қазірге дейін жадымда сақтаулы, жанымда тек 200 юанмен жалғыз өзім сергелдең өмірімді бастап кеттім, мен отырған автокөлік тым баяу қозғалып бара жатты, ал жүрек шіркін атқалақтап тоқтар емес, көңілім аласұрып тұрды, терезенің сыртына бір нарсені іздегендей жалтақ-жалтақ қарай бердім, бәлкім ол іздегенім өз болашағым болар.

e029dc70-00be-4f9a-b1ef-87492c12f1d2.jpg

 Университеттегі оқыған кәсібім драма режиссерлігі   болғанымен менің ұнататыным кино-фильм болатын, сондықтан менің драмалық шығармамда кино-фильмның факторлары да қатар жүруші еді, драманы негіз еткен бұл мектепте,  бұндай драмаларым елдің қарсы алуына бөлене қоймады, бірақ оған бола көңылсізденіп кетпеймін, керсінше сол кездеріме алғыс айтамын, өйткені сол кешірмелерім бүгінгі табсыма негіз қалады.

Жоғары мектеп оқып жүрген кезімде  мен жанама кейпкердің ролын алған «Тораңғы уәдесі» (杨的约定) атты кино менің әртістік сапарымның ең алғашқы қадамы болды, оған онша разылық білдірмеймін, актерлік ролымда көптеген ілгерлеу кеңістігі бар еді, өзім жеріне жеткізе орындай алмадым. Қазір сол ролды қайта сомдаған болсам бұрынғысынан әлде қайда мықты шығатына кепілдік берер едім. Тұрмыста озіңе ренжуің басы артық дүние, әсіресе өткенге окінуді тым жақсы әдет санамаймын, сондықтан бұрынғы кешірмелерімді айтып өздеріңізбен ортақтасып отырмын.

 

Өмірлік жоспарымда менің арманым режиссер болу болатын, сондықтан театр институтетін бітірген соң Бейжиң кино фильм институтынан барып режиссерлік және актерлікке қатысты кәсіптерді оқыдым, бірақ назариялық сабақтарды онша тыңдағым келмеды, іс жүзінде  үйренгім келді, теорияның мені алға ілгерлетпейтінін байқадым. Сонымен оқу бастай сала киноға қатысты  шығармашылығыммен айналыса бастадым, әрбір күнім қарбаластықпен өтіп жатты.

Жоғары мектеп екінші жылдығында рол алған «Құтқару » (拯救) атты кино,  менің ең разы болған туындым болды,  жұрттың аңысы да өте жақсы болған еді.  Ол ту баста драма жанрында жазылған себепті және басқа факторларды ойластыру арқылы оны кино етіп түсіруге бекіндім, ол менің ең алғашқы кино-фильм  туындым болды.

84e909ed-1a27-4276-9eab-3ab7635b9ce1.jpg

 

Бұл Босния-Герцеговина соғысын астар еткен кино түсірілу барысында оншада сәтті болмады,  әсіресе ең алғашында бір шама қиын болды.  Біздегі ”әр істың бастамасы қиын“ деген сөз өте дұрыс айтылған.  Кино бастап түсірілген кезінде ең алдымен қаржы болу керек,  бірақ бұл аз сома емес. Сондықтан жан-жақтан ақша жинап,  бәріміз бірге ортақ  құлшынудың арқасында,  ақыры 700 мың юан ақшаны құрастырдық.  Сол кездерде бұл ақшаның жиналуы онша оңайға соққан жоқ.  Мен әрқашанда мені аялайтын, маған жақсы мәміле жасайтын, маған көңіл бөлетін,  маған мән беретін, маған көмектесетін адамдарды жерге қаратқым келмейді. Оның үстіне менің өмірге деген ұстанымым: барлық істі күш сала істеу. Соңғы күндерде бір істі бар ынта-пейілімен істеудің өзі қадырлеуге татитын жақсы рух екенін сезіндім.

 

Кино университетінің әр дәрежелі басшыларының қолдауында сонымен бірге қосынның құлшынуында, осы фильмге Боснияның  әйгілі әктерлерін ұсыныс ете алдық. әсіресе факултоттың меңгерушісі Уаң Рүй мұғалім әр жақтан бізге ұзбей көмек беріп, біздің ең бас қатыратын шетел әртістерінің виза маселесін шешіп берді.

Өнерлінің өрісі кең дегендей, бір жылдан бергі еңбегіміздің  нәтижесі - ел іші-сыртындағы түрлі кино мерекесінде алған сыйлықтарымыз болды. 2017-жылы Ванкувердегі қытай тіліндегі кино фестивалында «ең үздік фильм» деген атқа ие болды. 2018 жылы халықаралық Канн кино фестивалына талданған микро фильмнің  бірі болды. Еңбегі бардың өнбегі болады емес пе, үздіксіз тырысудың арқасыында бірте-бірте жан-жағымдағы адамдардың қолдап-қуаттап, мойындауына ие болдым. Әрине бұндай табысқа жетемін деп ойлапта көрген жоқпын.  Қанша айытқанмен,  бұл менің бірінші рет режисссер болуым еді. Бұл тырнақ алды туындым менің көптеген табыстарға қол жеткізуіме негіз қалады. Менің кокейімнен ең терең орын алғаны, өткен жылы Қытай-Кория жастар арман микро кино көргізбесінің бағалап сыйлау салтында, ең жоғарғы дәрежедегі сыйлыққа ие болғанымда, мені Корияға барып тәжірибе алмастыруға ұсыныс етті. Сол кезде Кориялық мықты Жияң Дигүй   режиссер менімен сырласып,  маған «сенің туындың өте керемет, сенің туындыларыңды көріп, қайсы бір  тәжірибелі қарт  режиссердің шығармасы екен деп  қалппын, ақыл жастан, асыл тастан  деген осы болар, сен таланытты әрі үздік жастардың бір екенсің»,- деп бас бармағын көрсетті.

366effa0-7437-4fe1-b2eb-3f67c6afc029.jpg

Бұл салада маған ең алғаш назар аударған «Тасқа  таласу» (疯狂的石头) атты киноның режиссеры Ниң Хау ұстаз болды.  Сондықтан Ниң хау ұстаздың Хуай хоузы (公司名-坏猴子) атты серіктігіне келісім-шатқа  қол қойып кірген едім, сонымен бірге Хуай хоузы серіктігінің «72 құбылу» атты жаңа режиссерлік жобасына қастым.

 Бұл жоба бүкіл әлем бойынша көмескі күшке ие режиссер таланыттарын байқауды мақсат еткен мықты жоба еді.          

Құтқару атты шығармашылық жолымда «Жарық түнде жауызды қуалау» (白夜追凶) деген киноның бас бақылаушысы Убай режиссермен таныстым, ол кісімен әңгімем жарасып шүйіркелесіп кеттік, сонымен меның теле фильмым келісім-шарт арқылы ол ісінің бес түрлі мәдениет серіктігіне енгізілді.

Келер айда, мемлекеттік деңгейдегі алғашқы шығармамды бастауға кірісемін, ол болса - бес түрлі мәдениет серіктігы шығарған он екі сериалы ғаламтор теле фильмы.  

Бұл күнде Убай ұстаз екеуміз бірлікте режиссерлік ететін 400 миллыон қаржы қосылған теле филымге қол қойып болдым, бұл туындыны межемен келер жылдың басында Хунан телеарнасы және Жыжияң телеарнасында беруді ойға алып отырмыз, барлықтарыңыздың көңылдерыңызден шығатынына сенемін, бұл мен үшін өзімді дамытатын үлкен орай деп білемін. Сонымен бірге менің киноларым да жоспардың ішінде, осы теле сериал аяқтай салсымен киноны түсіруді бастамақшымыз.

 

Биыл менің Бейжиңдегі жетінші жылым,  мен бұл арадан өмір бағдарымды таптым,  мен бұл арадан әр қадамын менімен бірге басатын жақын жан жігер серіктерімді таптым,  мен бұл арадан жапа-машақатта бірге болған бауырларымды таптым,  мен бұл арадан мені қорғауға разы болатын жанашыр-жақындарымды таптым … осының бәріне мың мәрте алғыс!

«Мақтағанға дандайсып артта қалама» деген ғой халық даналығы, менің әлі «білгенім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз» сол үшін жалғасты құлшына үйренемін, алғашқы мақсатымды есіме берік сақтап болашаққа үмітпен көз тастаймын. Әр түрлі өнер-білімдерден сырт  үйренетін қоғамдық тұлғалық тағылымдар да маған өте қажет деп ойлаймын. Тынбай еңбектеніп тіпті де тартымды шығармаларыммен сіздерді ортақтастратын боламын.

Жазып алған: Жанар Мәдәнқызы

Дереккөз: Қытайдағы қазақ радиосы

Jebeu.kz

 

 

 

 


Пікір жазу
  • ҚР Ішкі істер министрі Қытай елшісімен кездесті
    Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының облыстардағы филалдары