Дархан Кәлетаев үкіметтік емес секторды дамытудағы проблемаларды атады

Уақыты: 2018-10-25 Көрлімі: 907 Сипаттама

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Қазақстанда үкіметтік емес сектордың дамуын...

20180413165044509_big.jpg

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Қазақстанда үкіметтік емес сектордың дамуына тосқауыл болып тұрған проблеманы атады, деп хабарлаймыз ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Үкіметтік емес секторды дамытудың ағымдағы проблемасына тоқталсақ, тіркелген заңды тұлғалар базасында әрекетсіз үкіметтік емес ұйымдар өте көп. Шамамен ҮЕҰ-лардың үштен бірі елімізде жұмыс істемейді, ал Астанаға мұндай ҮЕҰ-лардың 1 мыңға жуығы тиесілі және олардың тарапынан ешқандай әрекет байқалмайды. Осының ішінде тек 52 үкіметтік үмес ұйым жабылу кезеңінде тұрса, қалғандары әрекетсіз немесе жұмыстарын уақытша тоқтатып қойған», - деді Кәлетаев «Азаматтық қоғам және мемлекет» атты қалалық форумда. 

Осы орайда ол мемлекет жұмыс істемей тұрған ҮЕҰ-лардың проблемасын шешу мақсатында тиісті шараларды қабылдағанын атап өтті

 «Заңды тұлғаларды жабу рәсімдерінің күрделі проблемасы бар. Мемлекет басшысының Жолдауын орындау аясында Үкімет көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша шараларды іске асыруда. Біріншіден, негізгі қарызды жапқан жағдайда айыппұл мен өсімпұлды жоятын тетікті қамтитын салықтық амнистия ескерілген. Екіншіден, салықтық құқық бұзушылықты қылмыс деп танымау қадамы. Үшіншіден, банкроттықты сауықтыру рәсімдерін жетілдіру қарастырылған», - деді ол.

 Бұл тұрғыда аталған рәсім 9 айдан бастап бірнеше жылға дейін созылады екен. Енді банкроттықты сауықтыру рәсімі екі апта ғана уақытты қамтуы мүмкін.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қазақстан Республикасының Туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының
    Қазақстан Президенті АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росспен кездесті