Әлімғазы Дәулетханның 75 жылдығына орай ғылыми-практикалық конференция өтеді

Уақыты: 2018-09-12 Көрлімі: 1480 Сипаттама

Редакциядан: Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тари...


e7aab4d1-2c47-4b05-89d0-98db9012433b.jpg

Редакциядан: Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты,  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы» бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері  Әлімғазы Дәулетханның туылғанына 75 жыл толып отыр. Ғалымның еңбек жолы мен қызметі қазақ журналистикасы және Қазақстанның тарих ғылымына арналған. Осы орайда Әлімғазы Дәулетханұлын мерей тойымен шын жүректен құттықтап, қажырлы қайрат, зор денсаулық тілейміз!  Баршаңызды ғалымның 75 жылдығына орай өтетін конференцияның қонағы болуға шақырамыз.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты  және Халықаралық Түркі академиясы бірігіп 2018 жылдың 13 қыркүйегінде белгілі тарихшы, т.ғ.к., Институттың жетекші ғылыми қызметкері Дәулетхан Әлімғазының 75 жылдығына орай «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

-  Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының этносаяси мәселелері;

-  Түркі халықтарының мәдени тарихы.

-  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы отандық тарихтың өзекті мәселелері.

Өткізілу орны мен уақыты: Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Тіркелуі - сағ. 9.00., басталуы – сағ. 10.00.

Байланыс телефоны: 8 (727) 261-16-35, 8 (727)261-17-58, 8 (727) 272-68-46.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

 

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

          ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ

          Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды
    Көші-қон мәселесі Қазақстанды айналып өтпейді - Томас Хельм

    Ұқсас тақырыптар