Қытай қазақстандықтар үшін виза алу тәртібін жеңілдетті

Уақыты: 2018-08-07 Көрлімі: 2234 Сипаттама

Бас консулдық 2018 жылдың 1 тамызынан бастап виза алудағы кезекті шешу үшін электронды ө...

179421778_1_644x461_vizy-v-kitay-godovye-gruppovye-individualnye-studencheskie-astana.jpg

Бас консулдық 2018 жылдың 1 тамызынан бастап  виза алудағы кезекті шешу үшін электронды өтініш беру мен электрондық тіркеуді пайдалану тәртібін енгізді,-  деп хабарлайды Jebeu.kz   Бас консулдықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы Қытайдың Бас консулдығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың қызметіне жүгінетіндердің қарасы қалың. Қазақстан азаматтары көп жағдайда Қытайға шығатын виза алуға келеді.

"Консулдыққа сауда-экономикалық, мәдени, білім беру, туристік және басқа да саладағы ынтымақтастыққа байланысты ұсыныспен келетіндер де бар", — дейді Бас консулдықтың баспасөз қызметі.

 Консулдық ұзын-сонар кезек болмау үшін электронды өтініш беруді енгізіп отыр. Виза алушының барлық құжаты дұрыс болса, визаны 5 күнде ала алады


"Қытайға барушылар визаны жеке және топ болып алады. Ал әр топтағы адамның саны әр кезде әртүрлі болады. Қытайдың заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкес, сондай-ақ өтініштердің әрқайсысы үшін нақты жағдайларды ескере отырып, Бас консулдық виза беру туралы шешім қабылдауға құқылы. Егер өтініші берушінің құжаттары  барлық талапқа сәйкес келсе, виза Бас консулдықта өтініш бергеннен кейінгі бесінші жұмыс күнінде дайын болады", — дейді консулдықтағылар.

Jebeu.kz





Пікір жазу
  • 2018-2019 оқу жылындағы гранттар тізімі жарияланды (толық тізім)
    МҰХАМЕДИҰЛЫ: ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАҚ ВИЗАСЫН ӘЗІРЛЕУ КЕРЕК