«Мың өліп, мың тірілген» қазағыма рақмет!

admin2 2018-03-01 131 ℃ Қысқаша

Бүгінгі күнді «Алғыс айту» күні деп белгілесе, рақмет айтайық. Қазақстанға келіп, қазақ...

image.jpeg

Бүгінгі күнді «Алғыс айту» күні деп белгілесе, рақмет айтайық. Қазақстанға келіп, қазақтар бауырына басқан өзге халықтар бізге рақмет айтсын деп шектеліп қалмайық.
 Бар қазақ бір бірімізге рақметімізді айтайық. Әр қазақ бір бірмізге бауыр болғанымыз үшін рақмет айтайық. Қазақтың тәуелсіз отанында ұлт үшін еңбек етіп жатқан ерлерімізге, ұлттың рухын көтеріп қазақ атын әлемге танытып жатқан азаматтарымыз бен азаматшаларымызға, қай салада болса да еңбек етіп жатқан барша қазақ бауырларымызға рақметімізді айтайық.

 Осы күнге аман жетіп, елімізді, жерімізді, ұлттық сипатымызды сақтап қалғанымыз үшін, өзгелердің қиянатынан бір бірімізден алыстап кетіп, қайта басымыз қосылғанда бір-бірімізді жатсынбағанымыз үшін рақмет, қазағым! Қазақ ғасырлар бойы аз азап шеккен жоқ. Қазіргі ие болып отырған жеріміздің ішінде болсын, сыртында болсын бар қазақ өте ауыр күндерді бастан өткізді.

Қазақтың тең жарымынан астамы қырылып, бір бөлімі шет асып кетуге де мәжбүр болды. Зұлмат соғысты да бастан өткізді. Кеңес үкіметі жерімізді талан-таржыға салмақ та болды. Рухымызды өшіріп, тілімізді жоймақ болды. Сағымызды сындырып, өзгеге билетпек болды. Қазақ осының бәрімен күресе білді.

Алаш Орда болып ұлт мүддесі үшін азаматтарымыз жанын садаға етті. Билікті ұлт мүдесінен жоғары қоймаған Тәшенов сияқты арыстарымыз жерімізді сақтап қалды. Желтоқсанда жастарымыз қазақтың өр намысын өзгеге бастырмауға бел буды. Тәуелсіздік алған соң «біздің елдің жігіттері» елімізді «қоқсықтардан» тазартты.

Бұдан да басқа айта берсек, қазақ хақында әңгіме таусылмас.

«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» дегендей, сан жолды басып бүгінге жеткен қазағыма рақмет! Тәуелсіздігімізге куә болған әр қазаққа рақметімді айтамын. Мен Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүріп, тәуелсіздік алған кезімізде бізге шүйіншілеп отанымызға шақырып, келгенімізде құшақ жайып қарсы алған әр қазаққа басымды иіп тұрып, рақметімді айтамын. Біз әлемдегі әр қазақ – азат қазақ болып, берекелі де бауырмал бола берейік! Қазақтығымыздан айырмаған жаратушыға мың да бір рақмет!

Тұрдыбек Құрметxан

Jebeu.kz


Қиырдағы қазақтар. Тағдыр талқысында
Оралмандарға берілетін мемлекеттік қолдаулар