Жәкула Күшікұлы атындағы олимпиада басталды

admin2 2018-04-12 27 ℃ Қысқаша

11 сәуірде Өскемен қаласында қазақтың алғашқы дәрігерлерінің бірі Жәкула Күшікұлы атын...

олимп.jpg

11 сәуірде Өскемен қаласында қазақтың алғашқы дәрігерлерінің бірі Жәкула Күшікұлы атындағы облыстық олимпиада басталды. Қатарынан екі күн бойы өтетін білім сайысын, Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қоры «Дарын» орталығымен бірлесіп өткізіп отыр.

Химия және биология пәндерінен өтетін Олимпиадаға 9 бен 11 сынып аралығында оқитын екі жүз оқушы қатысуда. Олардың бәрі де бұған дейін қалалық және аудандық жарыстарда озып, үздік шыққандар. Ұйымдастырушылар болса осы топ жарған таланттылардың арасынан дарындыларды анықтап, білімдерін жетілдіруді мақсат еткен.

ГҮЛНӘР СЕЙДОЛЛА, Асқар Жәкулин атындағы қайырымдылық қорының директоры:

– Жәкула Күшікұлы атамыздың атындағы олимпиада болғаннан кейін балаларымызды осы биология, химия пәндерінен тереңдетіп, қызығушылықтарын көтеріп деген сияқты, медик жаққа, зообаққа қарай тартқан сондай бір себебіміз. Неше жылдан бері өткізіп, облыстық деңгейге көтеріп отырмыз.

Дереккөз: "Іnformburo"

Jebeu.kz

Брюссельде белсенділер Қытайдағы қазақтарды да айтты
Ахмет Байтұрсынов (деректі фильм)

Ұқсас тақырыптар