Қазақстанда Қоғамдық даму министрлігі құрылды

admin2 2018-06-29 0 ℃ Қысқаша

Елбасының жарлығымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республик...

857924ED-6179-4FC6-8D92-A2648FAA649F.jpeg

Елбасының жарлығымен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі болып өзгерді, деп xабарлайды Jebeu.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап.


“Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып аталсын. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін”, – делінген жарлықта.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Jebeu.kz



Нұрлан Нығматулин үшінші сессия жұмысын қорытындылады
Кері қайту

Ұқсас тақырыптар