2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 2018-06-07 Көрлімі: 58 Сипаттама

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мама...

c4ca4238a0b923820dcc509a6f75849b-18.jpg

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялады, - деп хабарлайды Jebeu.kz тілшісі БЖҒ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018-2019 оқу жылына күндізгі оқу нысаны бойынша мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстары бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бұйрық жарияланған. Министрліктің бұйрығына қоса берілген қосымшада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ЖОО-ларда жоғары білімі бар мамандарды, магистрлерді, PhD докторларын даярлауға арналған квоталар көрсетілген.

2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант, магистрлерді даярлауға 12 504 грант, PhD докторларын даярлауға 2 240 грант бөлінген. Мемлекет тарапынан техникалық мамандықтарға көп грант бөлінгендігін атап өткен жөн.

Мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.


http://edu.gov.kz/kz/news/detail.php?ELEMENT_ID=2844


http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1800000199#z103 


Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Елбасы Қытайға ресми сапармен барады
Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин кеңейтілген құрамдағы келіссөз өткізді

Ұқсас тақырыптар