ҚР азаматтығын алғаннан кейін бұрынғы төлқұжатын заңсыз пайдаланған азаматтар ғана жауапқа тартылады

admin2 2018-04-05 501 ℃ Қысқаша

Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары З. Қ. Тұрысб...

12e6d35b-10e6-431f-8b6f-e6bf712a10af.jpeg

Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы төралқасы төрағасының бірінші орынбасары З. Қ. Тұрысбеков «Жебеу» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің елге оралған қандастарымыздың азамaттық алғаннан кейін шетел азаматтығынан шығуына байланысты қиындықтарға тап болып отырғандығы жөніндегі өз атына  жазылған хатына орай Зауытбек Қауысбекұлы бұл мәселені құзіретті орындармен шұғыл түрде талқылауды қарамағындағыларға қадап тапсырған екен. Аталаған тапсырмаға сәйкес Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығың бас хатшысы Рақым Айыпұлы мен Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы Астана және Ақмола аймақтық филиалының басшысы Хожамұрат Қарлығаш Бекпатшақызы ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Азаматтық, иммиграция және босқындармен жұмыс басқармасының бастығы полиция подполковнигі Сейтжанов Сабыржан Жарылқағанұлымен ағымдағы жылдың 3 сәуірінде арнайы кездесіп аталған жағдайды талқылаған болатын. Сабыржан Жарылқағанұлының түсіндіруінше ҚР азаматтығын алу жөніндегі өтініштері қанағаттандырылып, арнайы бұйрық шыққан қандастарымыз еш кедергісіз ҚР төлқұжаты мен жеке куәлігін рәсімдей алады. Және аталған бұйрық 10 күн ішінде орындалуға міндетті. Ал азаматтық алған қандастарымыз қазіргі қолданыстағы тәртіпке сай өзі бұрын азаматы болып саналған елдің ҚР аумағындағы дипломатиялық өкілдіктеріне өздерінің төлқұжаттары мен жеке куәлігінің жарамсыздығын мәлімдеуге міндетті. Бірақ сол елдердің дипломатиялық өкілдіктері оны қабылдамаса, олардың өз шаруасы. Оған біздің азаматтық алған қандастарымыз кінәлі емес. Әркімнің азаматтықты таңдауға халықаралық заңдарға сәйкес толық құқығы бар. ҚР қос азаматтықты мойындамайды. Егер өздері азаматы болып саналған елдің бұрынғы төлқұжатын заңсыз пайдаланған азаматтар ғана жауапқа тартылады. Тіпті ол ҚР азаматтығынан айырлуға әкеп соғуы мүмкін. ҚР азаматтығын қабылдаған қандастарымыз осыны мықтап есте ұстағаны жөн. Бұрын азаматтық алған қандастарымыз өзі азаматы болған елдің төлқұжаты мен жеке куәлігін еліміздің жергілікті Көші-қон қызметіне тапсыратын. Өз кезегінде біздің Көші-қон қызметі ол құжаттарды сол елдің ҚР аумағындағы дипломатиялық өкілдіктеріне тапсырып беретін еді. Қазір тәртіп басқаша. Мүмкін бұл мәселені ҚР СІМ-мен талқылап, бірлесіп шешу керек шығар деген пікірін білдіріпті.

Подполковник С. Сейтжанов Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығымен ІІМ Көші-қон қызметінің алдағы уақытта елге оралған қандастарымыздың мүддесі жолында бірлесіп қызмет атқаруға дайын екендігін айтып өткен. Өз кезегінде Рақым Айыпұлы Елбасы тапсырмасына сәйкес Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы бүкіл әлемдегі ұлтымызды ұйыстырудың қасиетті парызын арқалап отырған қоғамдық ұйым ретінде қандас бауырларымыздың басындағы барлық жағдайды атқарушы құзыретті орындардың алдына үнемі қоя отырып бірге шешуге күш салатындығын айтқан.

Қауымдастық1.jpgҚауымдастық 2.jpg

Осы жерде тағы бір ескерте кететініміз, 2017 жылдың соңынан қазірге дейін азаматтық алып Қытай елінің азаматтығынан шыға алмаған қандастарымыздың тізімі жасалып, қол қою жалғасуда.  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына жіберілген осы хатты қол қойған қандастардың толық тізімімен ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне, Нұр Отан партиясына жібереміз. Аталған құзырлы орындар бұл мәселенің түбегейлі шешілуіне атсалысады деген үміттеміз.

Jebeu.kz


ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінен жауап келді
Тимур Құлыбаев: Туризмді дамытуда заманауи шешімдер керек