Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдығына арналған кеш өтті

admin2 2018-03-03 359 ℃ Қысқаша

2018 жылды 2 наурыз күні Алматыда ҚР Жазушылар одағы мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығ...

Tanjaryk-550x300.jpg

2018 жылды 2 наурыз күні Алматыда ҚР Жазушылар одағы мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен Алаштың әйгілі ақыны Таңжарық Жолдыұлының туғанына 115 жыл толуына орай салтанатты кеш өтті.

«Әдебиетшілер үйіне» жиналған зиялы қауым өкілдері мен жастарға халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, жазушы Тұрсынәлі Рыскелдиев, филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан сияқты қаламгерлер Таңжарық Жолдыұлының шығармашылғы мен күрескерлік ғұмырынан сыр шертсе, Нұржан Жанпейісов, Сәулежан Тақзия қатарлы әншілер ақынның әндерін шырқап, студенттер өлеңдерін оқыды.

15.jpg

Таңжарық Жолдыұлы Әсет Найманбайұлы мен Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сияқты Алаштың ардақтыларын өзіне ұстаз еткені айта келе жаушы Қабдеш Жұмаділов: «Дулатовты бәрінен де пір тұтады, не жазғанының бәрін біледі. Арғы бетте жатып, мына жақта «Оян қазақ» деп жатқан Дулатовтың өлеңдерін жатқа біледі. Сол дүмпіумен, қазақтың көтерілген рухымен бірге көтерілген кісі»-, деп тоқталып, ақынның 70 жылдығын Нарынқолда өткізу барысын еске алды. Сонымен бірге Таңжарық Жолдыұлы қазақ түрме әдебиетінің негізін салушы екенін айтып өтті.

Безымянный.jpg

Жиын соңында қортынды сөз алған «Отандас ел» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Мұхан Мамытқанұлы бұл Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдығына арналған шаралардың басы екенін айтып, «Қызай ана» қорының ұйымдастыруымен «Әдебиет» порталында «Әйгілі алты Алашқа жазған хатым» атты жыр мүшәйрасының өтіп жатқанын еске салып, 115 жылдық мерей той шілде, тамыз айларында Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданының Асы жайлауында жалғасатынын хабарлады.


19.jpg

16.jpg

14.jpg

18.jpg



Jebeu.kz


"Елге жеткен әуендер" атты ән кеші өтеді
Елбасы "7-20-25" деп аталатын бағдарламаны түсіндірді