Қазақтың кешегі арманы, бүгінгі ардағы болған Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын!

admin 2017-12-16 Қысқаша

Қазақтың кешегі арманы, бүгінгі ардағы болған Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын!...

Жарнама орны

Қазақтың кешегі арманы, бүгінгі ардағы болған Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын! 

Алаштың арманы орындалып, Тәуелсіздік таңы атқанына да 26 жыл болды. Осы ширек ғасыр уақытта еліміздің жеткен жетістіктері де аз емес. Ата заңымыздың өзінде мемлекеттің басты қазынасы адам екендігі жазылған. Адам өмірі, құқығы мен бостандығын басты назарға алған құқықтық мемлекетіміздің басты қазынасына елімізде өмір сүріп жатқан барша ұлттар мен бірге әлемнің әр қиырында жүрген бар қазақтың кіреріне дау жоқ. Азаттық таңы ата салысымен еліміз сол қазынасын түгендей бастады. Тәуелсіздіктің алғашқы жемісі де, жеңісі де қазақтың қара шаңырағынан алыста қалған ағайының еліне қарай ағылған жаңа көшінің басталуы еді. 

Тәуелсіздігімізді алғанда тарихи түрлі себептермен 5 миллионға жуық қазақ алыс-жақындағы өзге мемлекетте өмір сүріп жатыр еді. 26 жыл ішінде сол қазақтың миллионнан астамы елге келіп, еліміздің азаматы аталды. Елге оралған миллион қазақтың ішінде елге әйгілі ғалымдар, спортшылар, өнер адамдарымен бірге үлкенді-кішілі кәсіп иелері мен қарапайым егінші-малшыға дейін өз қолынан келгенінше азат елдің бүгіні мен ертеңіне өз үлесін қосуда. Солардың ішінде «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері де бар. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болайын» деп шетелде істеп жатқан түрлі қызметерін тастап, елден бұрын елге жетіп, кәсіп жолына түсіп ұлтан емес сұлтан болып жүрген азаматтарымыз Тәуелсіздік қарсаңында барша Қазақ Елін тәуелсіздік күнімен құттықтап, өздеріне «Тәуелсіздіктің маған берген несібесі қандай, мен Еліме не бердім?» - деп сұрақ қойып, жауаптарымен бөліскен еді. 

25395508_1511206365663627_2098877874_n.jpg

Талғат Мамырұлы, Халықаралық қазақ-қытай тіл коледжының директоры, порфессор, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің экс төрағасы: Қазақ халқы үшін бүгін ең қуанышты күннің бірі. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандаған азаттық біздің дәуірімізде орнады. Бізге осы бақыттың жауапкершілігін сезініп, еліміздің іргесін бекемдеп, босағасын берік ету бұржытпас борыш. Азаттық таңы ата салысымен елге келдік. Біз келгелі де 25 жыл болыпты. Осы 25 жылда еліміздің жылдан жылға дамып келе жатқанына куә болып отырмыз. Көршілерімізбен шекарамызды бекіттік, тіліміз, дініміз қайта оралды. Нарықтық экономиканың заңдылықтарын үйрендік. Арқаның төріне Астандай әсем қаламыз бой көтерді. Тарихымызды түгендеп, өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жақтық. Азат елдің баласы ретінде әр қазақтың еңсесі көтеріліп, қаншама қазақ Отанына оралды. Әлем Қазақстанды таныды, қазақты таныды. Міне бұл бізге Тәуелсіздіктің берген баға жетпес байлығы. Мен де қазақ елінің азаматы ретінде азат еліме бір кісілік үлесімді қосып жатырмын. Кәсіп те болсын, білім беру саласында болсын тиісіше жемісті еңбек етіп келеміз. Ел экономикасына, ел руханиатына өзіндік үлесімізді қосудамыз.  Бізді әркез осы бақыттан айырмасын. Әр қазаққа шексіз бақыт, қуаныш сыйлаған Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын! 

25463912_1511206412330289_1716063580_n.jpg

Рақым Айыпұлы, саясаткер, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің экс хатшысы: Біз Тәуелсіз ел болғанда ғана менің және мен сияқты миллиондаған қазақтың бағы жанады. Тәуелсіздік мен үшін баға жетпес құндылық. Менің ең басты бақытым. Тәуелсіздік маған шын мәніндегі тәуелсіз елдің азаматы болу бақытын сыйлады. Бұл маған тәуелсіздіктің берген ең басты сыйлығы. Еліміздің 26 жылдық тәуелсіздік тариxында  ең басты жетістігіміз саяси тұрақтылық. Ұлттың татулығы, бірлігі. Жалпы өз басым тәуелсіз елде 20 жылдан астам өмір сүргеніме және осы елдің ең қиын сәттерді бастан кешіп, аяғына нық тұрып кеткен кездеріне куә болдым деп ойлаймын. Бұл мен үшін ең үлкен бақыт, ең үлкен құндылық. Ал,  Тәуелсіздік шындап келгенде, ол менің өмірім. Менің барлық бақытым және менің ұрпақтарымның, бүкіл xалқымның бақыты.  

Мен тәуелсіз елдің азаматы ретінде 1993 жылы елге оралғаннан бүгінге дейін осы ширек ғасырға жуық уақытта осы елдің білім беру саласында, ауылда, көші-қонға байланысты әкімшілік құрлымда, ақпарат құралдары сияқты әр салада еңбек еттім. Менің өмірімдегі ең басты еңбек жолым қазақ көшін көлікті ету жолына арналды. Тіршілікте қалыптасқан ең басты жұмысымның арқауы, негізгі мақсатым Қазақстан ұлттық мемлекет ретінде салтанат құру үшін қазақ көшінің құқықтық базасын бекемдеуге атсалысу болды. Бұл мен үшін бодаусыз және азаматтық міндетім, борышым. Сондықтан да осы салада ешқандай қалтқысыз тер төккен жөн деп білдім. Бұл менің өмірімнің құндылығы және ең басты жетістігім.  

Баршамыздың бақытымыз болған Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын! 

25436466_1511206472330283_1719258296_n.jpg

Базарәлі Әріпұлы, Алматы қаласындағы “PoLars tour” ЖШС-нің директоры, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы: Тәуелсіздік сізге не берді дегенде, тәуелсіздік бізге бәрін берді. Тәуелсіздіктің арқасында Отанға оралдық. Елге ел қостық. Қал-қадірімізше еңбек етіп жатырмыз. Өсіп-өндік. Еліміздің көркейіп-гүлденуінің куәсі болып отырмыз. Ең бастысы тәуелсіздік біздің тағдырымызға айналды. Руxымыз азат, ұйқымыз тыныш, еркіндік жыры жан-дүниемізді тербеуде. Біз осыны көрген, сезінген тәлейлі ұрпақпыз. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың қан мен терінің бодауына келген ардақты аманаты, жаратқанның сыйы. Көздің қарашығындай мәңгілік аялап, қастерлеп өтер ең қымбат бақыт-байлығымыз, таусылмас қуанышымыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!!! 

25463837_1511206848996912_788263455_n.jpg

Сабыржан Мұхаметханұлы, кәсіпкер, «Құрлыс корпорациясы» ЖШС диекторы, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің экс төрағасы: Баршаңызды Тәуелсiздiк мерекелерiңізбен шын жүрекпен кұттыктаймын. Тәуелсіздік мерекесi – қазақ халқы үшiн ең қасиетті мереке. Әсiресе елiм, жерiм деп сырыттан кошiп келген ағайын-туысқандар үшiн тәуелсiздiктен артык ыстык мереке жок. Осы Тәуелсiздiктiң арқасында елге оралдым, еңсемдi көтердiм, алаңсыз еңбек еттiм, елеулi жетiстiкке кол жеткiздiм, еңбегiм ескерiлiп Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұйырығымен "Ерен еңбегi үшiн" медальмен марапатталдым. Бүгінгі таңда 250-ден астам адам тұрақты жұмыс  iстейтiн, мемлекет қоржынына жыл сайын 200 миллоннан артык салық төлейтiн «Құрлыс корпорациясы» ЖШС-ны басқарып, әр жылы "бизнестiң әлеуметтiк жауапкерлiгi" атты бағдарламаға белсендi түрде атсалысып келе жатыумның озi осы тәуелсiз ел болыумен бiрге Елбасының сәлиқалы саясатының арқасы деп білемін. Бар қазақтың қуанышы болған Тәуелсiздiк мерекемiз кутты болсын! Елiмiз тыныш, жұртымыз аман, тәуелсiздiмiз баянды болсын. 

25488942_1511207488996848_1816517153_n.jpg

Дәурен Халметұлы, кәсіпкер, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің экс хатшысы: 300 жылдан кейін жеткен Тәуелсіздікте өмір сүріп жатқан біздің буын өте бақытты ұрпақ. Азаттық үшін ата-бабамыз қандай күрестерді бастан кешпеді дейсіз? Хан Кене мен Махамбеттің басы да осы азаттық үшін кетті. 100 жылдығы болған Алаш Орданың арманы да осы қазақ елін тәуелсіз мемлекет құру еді. Өз азаттығымыздан айырлған ғасырларда қазақ баласы торғайша тозып, ұрпағым аман қалсын деп шекара асуға мәжбүр болды . Еліміз тәуелсіздік ала сала, шетке кеткен қазақ еліне орала бастады. Мен өзім 1992 жылы келіп білім алу жолын қарастырып, 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факултетіне стажеровкаға жалғасты аспирантураға түсіп, 1998 жылы оқуымды ақырластрып шықтым. Ол кезде нарық қысып тұрған қиын заман болды. Мамандық бойынша жұмыс жасап алатын мардымсыз жалақымен отбасын асырау қиын еді, оның үстіне сүиенер кімің бар дегендей, сол себепті бизнеске кеттік. Мемлекет бізге барлық мүмкіндікті берді, мемлекет қаржысына оқытты. Мемлекеттің білім алуға жұмсаған қаржысын мамандық бойынша жұмыс істемесек те, бизнес арқылы ақтап жатырмын деп ойлаймын. басында комерциядан бастап 2000 жылдың басынан бастап өнідіріс орынымды ашып, басында 3,4 адамнан құралған жұмыс орынында қазірде 50-ге тарта адам жұмыс жасап жатыр. Былайша айтқанда, 50 адам 50 отбасыны асырап отыр. Бюджетке салық төлеп жатырмыз бұл біздің азда болса тәуелсіз Отанымызға қосып жатқан үлесіміз деп есептеймін. Өнідірістен сырт жақын жылдары қалада бірнеше мейрамхана және қонақ үй ғимаратын салдық, ол мекемелер де біраз адамдарды жұмыспен қамтып отыр. Міне бұның бәрі тәуелсіздіктің маған берген мүмкіндігі, менің еліме қосып жатқан азды-көпті үлесім. Бұның бәрі Елбасы саясаты мен қазақ халқының Отан тыныштығын бәрінен жоғары қойған ерік-жігерінің арқасы. Егер елімізде тыныштық пен береке болмаса, біз де мұндай жетістіктерге жетпес едік. Азат еліміз әр азаматқа өз мүмкіндігін берген, кім не істеймін десе де жол ашық, бизнес жасауға да жылдан жылға барлық жағдай жасалуда. Шағын өніріс орындары көптеп ашылуда. Міне, бұл дегеніңіз Тәуелсіздіктің арқасында басы қосылған қазақтың бір-бірімен селбесіп, Отанымыздың гүлденіп, көркейуіне үлесін қосып жатқаны. Әрдайым осындай береке бірлігімізден айырмасын. Қасиетті мерекеміз - Тәуелсіздік күніміз құтты болсын! Барша, қазақ халқына бай-дәулетті өмір тілеймін! Азат еліміздің аспаны ашық болсын! 

25437413_1511207592330171_1383845321_n.jpg

Жеңіс қажы Әміреұлы, кәсіпкер, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы:   Барша отандастарымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Біз үшін Тәуелсіздіктен артық құндылық жоқ. Еліміз тәуелсіздік ала сала еш ойланбастан , алғашқылардың бірі болып отаныма оралдым, балаларым Қазак елінде туып, өз отанының еркін азаматы болып өсіп келе жатқанына өте бақыттымын. Елге келгеннен бергі басқа жетістіктерімді айтпаған күннің өзінде, Мен үшін ең үлкен жетістік Олардың өз тілін, ділін, дінін сақтап, еңсесі биік болып өсіп келе жатқаны, одан артық бақыт бар ма? Тәуелсіздік әр қазаққа осы бақытты сыйлады. Абай атамыздың "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым" деген өлеңіндегі: 

 «Өзімдікі дей алмай өз малыңды, 

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың 

Бас басына би болған өңкей қиқым,  

Осымен кетірдің ғой елдің сыйқын 

Енді қалың түзелер деп айталмаймын 

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.»  

деп зарлағанда аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, Өз ырқымыз өзімізде болып, Руxымыз қалпына келіп жатыр. Аллатағаладан қиямет күніне дейін тәуелсізелімізден айыра көрме деп тілейік, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 

Азаматтарымыздың  барлғы жеткен жетістіктерінің түгелімен  Тәуелсіздікке байланыстырып отыр. Осындағы пікір білдірген 5,6 азамат ғана емес, елге келіп еңбек етіп жатқан барша қазақтың ойы да бұдан бөлек бола қоймас. Ендеше, сіз бен біздің басымызды қосқан, ата-бабамыздың арманын орндаған Қазақстан республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Әр қазақ баласы азат болып, Отанына еңбек ете берсін деп тілейміз. 

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 

Jebeu.kz 


Құрманжан Төлеубекұлы: мақсатым UCF тұжырымында топ жару
Руxани жаңғыру һам үш кітап

Ұқсас тақырыптар